← Барлық теріске шығарулар
Манипуляция19.08.2025 · JAQ.OrtCom №9/10

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде электр энергиясы өшетіндігі туралы фейк

Оңтүстік өңірлерде электр энергиясын беруге шектеулер дайындалуда.

Қысқаша қорытынды

Instagram әлеуметтік желісіндегі кейбір пабликтерде еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясын шектеу дайындалып жатыр деген хабарламалар тарауда.

Не таратылды

Оңтүстік өңірлерде электр энергиясын беруге шектеулер дайындалуда.

Не анықталды

⚡️Қазақстанның бірқатар өңірлерінде электр энергиясы өшетіндігі туралы фейк

Instagram әлеуметтік желісіндегі кейбір пабликтерде еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясын шектеу дайындалып жатыр деген хабарламалар тарауда.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми түрде мәлімдейді.

Оңтүстік өңірлердегі тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету жағдайы толықтай тұрақты. Электр энергиясы штаттық режимде жеткізіліп, халық пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлық қажеттіліктерін қамтып отыр. Елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесі де ақаусыз жұмыс істеп тұр.

«Энергетика министрлігі бүкіл республика бойынша электр энергиясының өндірісі мен тұтыну теңгерімін тұрақты бақылауда ұстайды. Барлық генерациялайтын және жеткізуші компаниялар бекітілген кестелерге сәйкес жұмыс істеп, энергия жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етуде».

⚠️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді: фейктерді жасау, сондай-ақ оларды тарату (мессенджерлер арқылы жіберу, әлеуметтік желілерде бөлісу) құқықтық жауапкершілікке әкеледі.

🔎 Ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз, тек ресми дереккөздерге сеніңіз және ақпараттық манипуляцияларға ермеңіз.

Әрбір азамат тексеру үшін хабарламаларды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына жолдай алады.

Чат-бот сілтемесі — сипаттамада.

ТақырыпЭнергетика

Неліктен бұл манипуляция

Энергетика министрлігі: оңтүстік облыстардың электрмен жабдықталуы тұрақты, энергия штаттық режимде беріліп, барлық қажеттілікті өтейді.