← Барлық теріске шығарулар
Түсіндірме16.01.2026 · JAQ.OrtCom №102

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» ҚР Заңының жасанды интеллект…

«Жасанды интеллект туралы» Заң бойынша ЖИ-контентті таңбалау туралы еске салу.

Қысқаша қорытынды

Аталған Заңның 21-бабына сәйкес жасанды интеллект арқылы жасалған немесе өзгертілген және шынайы оқиғаларды имитациялайтын суреттерді, бейнематериалдарды, аудиожазбаларды және мәтіндерді тарату аудиторияға арнайы таңбалау мен ескерту болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Не таратылды

Материал нақты бір хабарламаға байланысты емес. Тақырыбы: «Жасанды интеллект туралы» Заң бойынша ЖИ-контентті таңбалау туралы еске салу.

Не анықталды

🚨 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» ҚР Заңының жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өзгертілген контентті таңбалауды міндеттейтін нормалары күшіне енетінін еске салады.

Аталған Заңның 21-бабына сәйкес жасанды интеллект арқылы жасалған немесе өзгертілген және шынайы оқиғаларды имитациялайтын суреттерді, бейнематериалдарды, аудиожазбаларды және мәтіндерді тарату аудиторияға арнайы таңбалау мен ескерту болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Контентті таңбаламау жасанды интеллект саласындағы реттеудің негізгі қағидаттарына - ашықтық пен жауапкершілікке қайшы келеді. Сонымен қатар, Заңда жасанды интеллектіні пайдалану адамдарды адастыруға немесе шындықты қабылдауды бұрмалауға жол бермеуі тиіс екені, ал адамның әл-ауқаты мен еркін шешім қабылдау құқығы басымдық болып қала беретіні атап көрсетілген.

Орталық таңбаланбаған жасанды интеллект контенті, әсіресе қоғамдық маңызы бар және әлеуметтік тұрғыдан сезімтал тақырыптарда, манипуляциялар, жалған ақпарат және дипфейктердің таралу қаупін арттыратынына назар аударады.

❗️Осыған байланысты біз бұқаралық ақпарат құралдарын, блогерлерді және цифрлық платформалардың әкімшілерін генеративті жасанды интеллект технологияларын қолдану кезінде жауапкершілік пен ашықтық қағидаттарын сақтауға шақырамыз.

Неліктен бұл түсіндірме

Бұл — Орталықтың ағартушылық немесе талдамалық материалы: ол жекелеген хабарламаны теріске шығармайды, жалған ақпарат пен манипуляция тәсілдерін түсіндіреді.