Не анықталды
Қазақстанда «балаларда зиянды әдеттерді қалыптастырғаны үшін» ата-аналардың жауапкершілігі күшейтіледі.
Мұндай бұрмалаулар, әдетте, жарияланымға назар аударту, аудиторияның қамтылуы мен белсенділігін арттыру, сондай-ақ құқықтық нормаларды репрессивті немесе шамадан тыс сипатта көрсетуге бағытталған.
Қазақстанда «балаларда зиянды әдеттерді қалыптастырғаны үшін» ата-аналардың жауапкершілігі күшейтіледі.
‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстанда ата-аналардың «балаларда зиянды әдеттерді қалыптастырғаны үшін» жауапкершілігі күшейтілді деген мазмұндағы хабарламалардың таралып жатқанын тіркеді. Бірқатар жарияланымдарда құқық қолдану практикасы мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелеріне сүйенбестен, заңнамаға қатысты субъективті пікірлер немесе авторлық интерпретациялар редакциялық ұстаным ретінде ұсынылуда. Мұндай бұрмалаулар, әдетте, жарияланымға назар аударту, аудиторияның қамтылуы мен белсенділігін арттыру, сондай-ақ құқықтық нормаларды репрессивті немесе шамадан тыс сипатта көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, үрей тудыратын тұжырымдар құқықтық логиканы эмоциялық бағалаумен алмастырып, қоғамда белгісіздік пен мемлекет институттарға деген сенімсіздік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің түсіндіруінше, заңнамада шынымен де ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген. Алайда бұл жауапкершілік автоматты түрде қолданылмайды және мән-жайлардың жиынтығы негізінде белгіленеді. Мұндай факторларға алкогольді жүйелі түрде теріс пайдалану, баланың өмір сүруі мен дамуы үшін тиісті жағдайлардың болмауы, сондай-ақ ата-аналардың баланың психикалық және моральдық жағдайына теріс әсер ететін мінез-құлқы жатады. Әрбір іс жеке тәртіппен қаралады, ал шешім барлық мән-жайларды ескере отырып, тек сот арқылы қабылданады. ➡️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы журналистерді, блогерлерді және сарапшыларды құқықтық нормалармен жауапкершілікпен жұмыс істеуге, уәкілетті органдардың ресми түсініктемелер сұратуға, сондай-ақ азаматтарды жаңылыстыруы мүмкін жеңілдетілген немесе алаңдатушы интерпретацияларға жол бермеуге шақырады.
ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілік бар, бірақ ол автоматты түрде емес — тек мән-жайлар жиынтығында және сот шешімімен туындайды.