Қысқаша қорытынды
Іс жүзінде Агенттік ұсынған интернеттегі тыйым салынған контенттің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі Қағидалар тек ашық әрі жалпыға қолжетімді деректерді (қаржы пирамидаларын жарнамалауға, онлайн-казинолар мен заңсыз лотереяларды насихаттауға қатысты жарияланымдар мен репосттарды) мониторингілеуге бағытталған.
Не таратылды
ҚМА әлеуметтік желілер мен мессенджерлер пайдаланушыларын «тұтас бақылауды» енгізуде.
Не анықталды
📌 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі тарапынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердіпайдаланушыларды «жаппай аңду» туралы тарап жатқан негізсіз ақпараттарды анықтады.
Іс жүзінде Агенттік ұсынған интернеттегі тыйым салынған контенттің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі Қағидалар тек ашық әрі жалпыға қолжетімді деректерді (қаржы пирамидаларын жарнамалауға, онлайн-казинолар мен заңсыз лотереяларды насихаттауға қатысты жарияланымдар мен репосттарды) мониторингілеуге бағытталған.
Аталған Қағидаларда азаматтардың жеке хат алмасуына ешқандай мониторинг жүргізу көзделмеген. Бұл туралы Агенттіктің өзі де бірнеше рет ресми түсініктеме берген болатын.
Осылайша, жеке хабарламаларды «бақылау» туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және қоғамды әдейі жаңылыстыру болып табылады.
‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы БАҚ өкілдері мен цифрлық контент авторларын ақпаратты жариялауда жауапты болуға, фактілерді бұрмаламауға және азаматтардың шынайы ақпарат алу құқығын құрметтеуге шақырады.
ТақырыпКиберқауіпсіздік
Неліктен бұл манипуляция
Қағидалар тек қаржы пирамидалары, онлайн-казино және заңсыз лотереялар жарнамасы бар ашық жарияланымдар мен репосттарды мониторингтеуге қатысты; жеке хат алмасуды бақылау көзделмеген.
Дереккөздер