Қысқаша қорытынды
2024 жылдың күзінде Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздікке дайындалды деп күдікке ілінген бір топ адам ұсталды.
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке дайындық ісі «АЭС құрылысына қарсыларды қудалау» ретінде көрсетілуде.
2024 жылдың күзінде Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздікке дайындалды деп күдікке ілінген бір топ адам ұсталды.
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке дайындық ісі «АЭС құрылысына қарсыларды қудалау» ретінде көрсетілуде.
💡 Кейс: БАҚ-та жаппай тәртіпсіздікке дайындық ісі туралы ақпараттың жариялануы
2024 жылдың күзінде Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздікке дайындалды деп күдікке ілінген бір топ адам ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, олардың жабық чаттарында қаржы жинау, «штаб» ретінде ғимарат жалдау, радиостанциялар, оқ өткізбейтін кеудешелер және өзге де атрибутиканы сатып алу мәселелері талқыланған. Іс фигуранттарына «Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру» туралы ҚК 272-бабы бойынша айып тағылды.
Алайда бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде бұл іс «АЭС құрылысына қарсы шыққандарды қудалау» ретінде ұсынылуда. Мұндай ақпарат шындықты бұрмалайды. Турасын айтқанда, оларды саяси көзқарастары немесе АЭС-ке қатысты пікірлері үшін емес, заңсыз акцияларға дайындықпен байланысты нақты әрекеттері үшін сот алдында жауап беруде.
‼️ Маңыздысын атап өткен жөн: Қазақстанда пікір білдіру, оның ішінде сыни көзқарасты заңды формада айту – қылмыстық қудалау үшін негіз болып табылмайды. Бірақ пікір білдіруді күш қолдану сценарийіне көшіруге тырысу – қылмыстық құқықбұзушылық болып саналады.
Істі тек «саяси қудалау» деп көрсетуге тырысатын медиа интерпретациялар – эмоцияны қоздыруға, сот процесін беделсіздендіруге және оның мәнін бұрмалауға бағытталған манипуляция.
Айыпталушыларға тергеу материалдары негізінде ҚК 272-бабы («Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру») бойынша айып тағылған; АЭС туралы көзқарасқа баса назар аудару істің мәнін бұрмалайды.
Күмән тудыратын материалға тап болдыңыз ба? Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына хабарлаңыз.
Форманы толтыру Telegram-ға жазу ↗