← Барлық теріске шығарулар
Жалған04.09.2025 · JAQ.OrtCom №23/24

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл…

«Orda» және «Bazhkenova vs.» ресурстары Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғанын хабарлады.

Қысқаша қорытынды

Орталық ресми мәлімдейді: әдейі жалған ақпарат тарату қоғамдық сенімге нұқсан келтіріп, болып жатқан оқиғаларға бұрмаланған көзқарас қалыптастырады.

Не таратылды

«Orda» және «Bazhkenova vs.» ресурстары Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғанын хабарлады.

Не анықталды

⚡️ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарлайды: Гүлнар Бажкенованың ("Orda" және "Bazhkenova vs.") ресурстарында таратылған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

‼️ Орталық ресми мәлімдейді: әдейі жалған ақпарат тарату қоғамдық сенімге нұқсан келтіріп, болып жатқан оқиғаларға бұрмаланған көзқарас қалыптастырады.

Азаматтарды сақ болуға және тек ресми, тексерілген дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жалған ақпарат тарату және оның таралуына жәрдемдесу үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін қарастырылғанын еске саламыз.

ТақырыпМемлекеттік институттар

Неліктен бұл жалған ақпарат

Орталық ұсталғаны туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.