Қысқаша қорытынды
Сайлау науқаны кезеңінде әлеуметтік желілерде жасанды интеллект технологияларының көмегімен дайындалған жалған бейнероликтер және жарияланымдар жиі таралуда.
ЖИ көмегімен жасалған, лауазымды тұлғалар мен саясаткерлерге мәлімдемелер телінген жалған бейнелер мен жарияланымдар.
Сайлау науқаны кезеңінде әлеуметтік желілерде жасанды интеллект технологияларының көмегімен дайындалған жалған бейнероликтер және жарияланымдар жиі таралуда.
ЖИ көмегімен жасалған, лауазымды тұлғалар мен саясаткерлерге мәлімдемелер телінген жалған бейнелер мен жарияланымдар.
ℹ️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстандағы саяси үдерістерге қатысты фейктердің қайта тарай бастағанын ескертеді.
Сайлау науқаны кезеңінде әлеуметтік желілерде жасанды интеллект технологияларының көмегімен дайындалған жалған бейнероликтер және жарияланымдар жиі таралуда. Мұндай материалдарда жекелеген мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен саяси қайраткерлерге, оның ішінде өкілеттігін тоқтатқан бұрынғы депутаттарға қатысты жалған мәлімдемелер таңылуда.
Мұндай материалдар тек технологиялық жаңалық емес, ақпараттық ықпал етудің бұрыннан белгілі тәсілдерінің жалғасы. Бұған дейін сайлау үдерісіне нұқсан келтіру мақсатында қолдан жасалған құжаттар, жалған дәйексөздер, фейк аудиожазбалар мен кандидаттар атынан дайындалған материалдар пайдаланылып келді. Бүгінде бұл әдістер адамның бет-бейнесін, дауысы мен сөйлеу мәнерін дәл айнытпай қайталайтын дипфейк технологияларымен толықтырылуда.
Мұндай материалдардың басты мақсаты – сайлау процесіне қатысушыларға деген сенімсіздікті қалыптастыру және саяси рәсімдердің заңдылығына күмән келтіру. Осы тектес өнімдердің авторлары ақпараттық кеңістікте бейнероликтерді неғұрлым көп таратқан сайын, азаматтардың шынайы ақпарат пен жасанды контентті ажыратуын соғұрлым қиындатуды көздейді.
‼️ Әдетте мұндай бейнематериалдар анонимді аккаунттар арқылы таратылады және оларды шұғыл бөлісуге шақыратын эмоциялық сипаттағы жазбалармен қатар жүреді. Сонымен қатар белгілі бір жағдайдың түпнұсқа бейнежазбасы ұсынылмайды, ал материалдың өзі саяси партиялардың, кандидаттардың ресми ресурстарында немесе тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбайды.
Жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып жатқан кезеңде бейненің шынайылығына емес, ресми дереккөзге сенім артқан жөн.
Ақпараттық манипуляция технологиясының бір бөлігіне айналмаңыз. Кез келген ақпаратты таратпас бұрын міндетті түрде тексергеніңіз дұрыс.
Бұл адамдарға олар шын мәнінде жасамаған мәлімдемелер телінеді; роликтер жасанды интеллект технологияларымен жасалған.
Күмән тудыратын материалға тап болдыңыз ба? Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына хабарлаңыз.
Форманы толтыру Telegram-ға жазу ↗