Не анықталды
Анонимді автор 2008 жылғы естеліктеріне сілтеме жасап, Ақтас кентіндегі психиатриялық ауруханада пациенттерге физикалық шектеу және дәрімен жазалау қолданылды деп мәлімдеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресми тексеру жүргізді.
Анонимді автор 2008 жылғы естеліктеріне сілтеме жасап, Ақтас кентіндегі психиатриялық ауруханада пациенттерге физикалық шектеу және дәрімен жазалау қолданылды деп мәлімдеді.
‼️ Әлеуметтік желілерде жалған ақпараттың таралуы тіркелуде. Онда анонимді автор 2008 жылға қатысты жеке естеліктеріне сілтеме жасай отырып, Ақтас кентіндегі психиатриялық ауруханада пациенттерге физикалық шектеу шаралары қолданылғанын, дәрілік препараттар жазалау құралы ретінде пайдаланылғанын, сондай-ақ олардың қадір-қасиетін қорлайтын өзге де әрекеттер жасалғанын мәлімдейді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресми тексеру жүргізді. 2026 жылғы 7 тамыздағы №127 тексеру нәтижелері туралы актіге сәйкес, пациенттерге физикалық шектеу шараларын қолдану, дәрілік препараттарды ықпал ету шарасы ретінде пайдалану және олардың қадір-қасиетін қорлайтын өзге де әрекеттер жасау туралы мәліметтер расталмады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпаратты нақтылау, шағым беру немесе өзге де мәселелерді шешу үшін Қазақстанда «Е-Өтініш» сервисі жұмыс істейтінін еске салады. Аталған сервис арқылы азаматтар тиісті мемлекеттік органға ресми өтініш жолдап, заңнамада белгіленген тәртіппен жауап ала алады. Ресми арналар арқылы жүгінудің орнына өзектілігін жоғалтқан, тексерілмеген немесе манипуляциялық сипаттағы ақпаратты тарату қоғамды жаңылыстыруы мүмкін және оның мазмұны мен таралу мән-жайларына қарай құқықтық қатынастардың нысанасына айналуы ықтимал.
Денсаулық сақтау министрлігі ресми тексеру жүргізді: 2026 жылғы 7 тамыздағы №127 актіге сәйкес пациенттерге мұндай шаралар қолданылғаны расталмады.