← Барлық теріске шығарулар
Фейк11.08.2026

Екпе (вакцина) салдырған әр бала үшін медицина қызметкерлеріне қосымша төлем жасалады

Екпе салу дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің лауазымдық міндеттеріне кіреді.

Не таратылды

Екпе (вакцина) салдырған әр бала үшін медицина қызметкерлеріне қосымша төлем жасалады.

Не анықталды

Екпе салу дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің лауазымдық міндеттеріне кіреді. Медицина қызметкерлерінің жалақы мөлшері вакцина алған балалардың санына байланысты емес. Екпе салған әр бала үшін жеке төлемдер немесе бонустар қарастырылмаған.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай хабарламаларда медицина қызметкерлерінің екпе салуға қаржылық тұрғыдан мүдделі екені туралы түсінік қалыптастырылады. Ақпаратты осылай ұсыну вакцинацияның медициналық көрсетілімдері мен профилактикалық мақсатына емес, мамандардың жеке пайдасына назар аударуға әкеледі. Бұл медицина қызметкерлеріне деген сенімнің төмендеуіне және вакцинацияға теріс көзқарастың қалыптасуына ықпал етуі мүмкін.

ТақырыпДенсаулық сақтау