← Барлық теріске шығарулар
Фейк12.08.2026 · JAQ.OrtCom №255

Әлеуметтік желілерде авто-мектептерді есепке алу және оқу топтарын тіркеу, сондай-ақ көлік құралдарын басқару…

Автомектептерді есепке алу, оқу топтарын тіркеу және жүргізуші куәлігіне емтихан қабылдау жеке ұйымдарға беріледі.

Не анықталды

Автомектептерді есепке алу, оқу топтарын тіркеу және жүргізуші куәлігіне емтихан қабылдау жеке ұйымдарға беріледі.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Автомектептерді есепке алу, оқу топтарын тіркеу және жүргізуші куәлігіне емтихан қабылдау жеке ұйымдарға беріледі.

‼️ Әлеуметтік желілерде авто-мектептерді есепке алу және оқу топтарын тіркеу, сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығын алуға арналған емтихандарды қабылдау функциялары жеке ұйымдарға беріледі деген ақпарат таралуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталыққа берген ақпаратына сәйкес, көлік құралдарын басқару құқығын алуға арналған емтихандарды қабылдау функциясын жеке ұйымдарға беру мәселесі қарастырылмайды. Авто-мектептерді есепке алу және оқу топтарын тіркеу мемлекеттік функциялар болып қала береді. Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңының 77-бабына сәйкес, аталған функциялар ІІМ балансындағы «Автомектеп» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 🔈 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды ресми ақпаратты басшылыққа алуға және жұртшылықты жаңылыстыруы мүмкін расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырады.

Емтихан қабылдауды жеке ұйымдарға беру қаралмайды; автомектептерді есепке алу және топтарды тіркеу «Жол жүрісі туралы» Заңның 77-бабы бойынша мемлекеттік функция болып қала береді.

ТақырыпКөлік