← Барлық теріске шығарулар
Фейк13.08.2026 · JAQ.OrtCom №257

Мессенджерлерде жұмыстан босатуға және кадрлық ауыс-түйістерге қатысты «мораторий» енгізілетіні туралы жалған…

2026 жылғы қарашадан 2027 жылғы ақпанға дейін әскери қызметшілер мен күштік органдар қызметкерлерін жұмыстан шығаруға және ауыстыруға «мораторий» енгізіледі.

Не анықталды

2026 жылғы қарашадан 2027 жылғы ақпанға дейін әскери қызметшілер мен күштік органдар қызметкерлерін жұмыстан шығаруға және ауыстыруға «мораторий» енгізіледі.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мессенджерлердегі чаттарда 2026 жылғы қараша айынан 2027 жылғы ақпан айына дейін Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қарулы Күштерінің қызметкерлерін жұмыстан босатуға және кадрлық ауыс-түйістерге толық тыйым салынады деген мазмұндағы мәтіннің таралуын тіркеді.

2026 жылғы қарашадан 2027 жылғы ақпанға дейін әскери қызметшілер мен күштік органдар қызметкерлерін жұмыстан шығаруға және ауыстыруға «мораторий» енгізіледі.

‼️ Мессенджерлерде жұмыстан босатуға және кадрлық ауыс-түйістерге қатысты «мораторий» енгізілетіні туралы жалған ақпарат таралуда Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мессенджерлердегі чаттарда 2026 жылғы қараша айынан 2027 жылғы ақпан айына дейін Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қарулы Күштерінің қызметкерлерін жұмыстан босатуға және кадрлық ауыс-түйістерге толық тыйым салынады деген мазмұндағы мәтіннің таралуын тіркеді. Ақпараттың шынайылығына көз жеткізу үшін оның авторлары Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 3 маусымдағы №295-VIII «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сілтеме жасаған. Аталған заңның бар екені рас болғанымен, онда мұндай ережелер көзделмеген. Заңда көрсетілген кезеңге жұмыстан босатуға, ауыстыруға, тағайындауға немесе өзге де кадрлық ауыс-түйістерге мораторий енгізу туралы нормалар жоқ. Ақпараттың шынайы еместігінің тағы бір белгісі – таратылып жатқан мәтінде құжаттың міндетті деректемелерінің көрсетілмеуі. Атап айтқанда, өкім шығарған мемлекеттік орган, құжаттың күні мен нөмірі, мораторий енгізуге негіз болатын заңнаманың нақты нормасы, сондай-ақ тапсырма кімнің атынан берілгені көрсетілмеген. Осылайша, бұл жағдайда нақты нормативтік құқықтық акт оның құрамында жоқ ақпараттың шынайылығына көз жеткізу құралы ретінде пайдаланылған. 🔈 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы осындай хабарламаларды дереккөзі мен құжаттың деректемелерін ресми мемлекеттік ақпараттық ресурстар арқылы тексермей таратпауға кеңес береді.

2026 жылғы 3 маусымдағы №295-VIII Заң бар, бірақ онда мұндай нормалар жоқ: нақты актіге жоқ норма телінген.

ТақырыпӘскер