Не анықталды
Танымал адамдар мен компаниялар атынан жалған үндеулер мен сыйақы туралы уәделер таратылуда, соның ішінде BI Group-тың «1 000 пәтер ұтыс ойыны».
Қазіргі уақытта мұндай ақпараттық араңдатулардың күшейіп, жалған ақпаратқа шынайы сипат беру мақсатында бейнесі мен атауы пайдаланылатын медиа тұлғалар мен ұйымдар аясының кеңейіп келе жатқаны байқалады.
Танымал адамдар мен компаниялар атынан жалған үндеулер мен сыйақы туралы уәделер таратылуда, соның ішінде BI Group-тың «1 000 пәтер ұтыс ойыны».
⚠️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұған дейін сайлау қарсаңында белгілі қазақстандық тұлғалардың бейнесін пайдалана отырып, азаматтарды белгілі бір саяси платформаны қолдауға және бұқаралық іс-шараларға қатысуға шақыратын жалған әрі манипуляциялық ақпараттың таралып жатқанын хабарлаған болатын. Тіпті кей жағдайларда танымал азаматтардың атынан саяси партияларды қолдағаны үшін материалдық сыйақы төленетіні туралы жалған уәделер де таратылуда. Қазіргі уақытта мұндай ақпараттық араңдатулардың күшейіп, жалған ақпаратқа шынайы сипат беру мақсатында бейнесі мен атауы пайдаланылатын медиа тұлғалар мен ұйымдар аясының кеңейіп келе жатқаны байқалады. Мәселен, әлеуметтік желілерде BI Group компаниясы 1000 пәтер ұтысын өткізіп жатыр деген ақпарат таралуда. Компания бұл ақпартты өзінің Instagram парақшасында ресми түрде жоққа шығарып, мұндай акцияны жарияламағанын әрі өткізбейтінін мәлімдеді. Жарияланымда көрсетілген қатысу шарттары, өткізу күні мен орны және өзге де мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Жедел түрде ресми теріске шығарылғанына қарамастан, жалған ақпарат мессенджерлерде әлі де таралып, пайдаланушылардың бір бөлігі тарапынан шынайы ақпарат ретінде қабылдануда. Назар аударамыз, мұндай ақпараттық арандатулардың мақсаты тек жалған мәлімет тарату ғана болмауы мүмкін. Олардың таралуы азаматтар арасында дүрбелең туғызып, сайлау күніне қатысты жалған күтулер қалыптастыруы ықтимал. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жылдам таралатын мұндай хабарламалар азаматтардың дауыс беруге жаппай қатысуы жағдайында түсінбеушілік туғызып, адамдардың бейберекет түрде жиналуына және өзге де жағымсыз жағдайларға себеп болуы мүмкін. ‼️ Орталық еске салады: компаниялардың ұтыс ойындары, акциялары, іс-шаралары және басқа да бастамалары туралы ақпарат, ең алдымен, олардың ресми ресурстарында жарияланады. Егер хабарлама тек бөгде парақшалар, арналар немесе аккаунттар арқылы ғана таратылса, оның алаяқтық схеманың бір бөлігі болуы мүмкін екенін ескеріп, мұндай ақпаратқа сын көзбен қарап, қосымша тексеру жүргізген жөн. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды ресми дереккөздермен расталмаған ақпаратқа сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және тексерілмеген хабарламаларды таратпауға тағы да шақырады.
BI Group ұтыс ойынын ресми түрде теріске шығарды; танымал тұлғалар мен компаниялардың бейнесі мен атауы жалған ақпаратқа шынайылық сипатын беру үшін пайдаланылады.