← Барлық теріске шығарулар
Фейк11.09.2026

Ресей аумағынан тараған табиғи өртке байланысты Қарабалық ауданындағы Үрнек ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр

Үрнек ауылы тұрғындарын эвакуациялау жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Не таратылды

Ресей аумағынан тараған табиғи өртке байланысты Қарабалық ауданындағы Үрнек ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр .

Не анықталды

Үрнек ауылы тұрғындарын эвакуациялау жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Облыс әкімдігі халықты эвакуациялау жүргізілмейтінін хабарлады. Сонымен қатар табиғи өрттің Ресей Федерациясы аумағынан Қарабалық ауданының аумағына өткені расталды. Дала өсімдіктерінің жануы Қарадум орманшылығы аумағына ішінара тараған. Жағдай Қостанай облысы ТЖД бақылауында.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл жағдайда төтенше жағдайға қатысты нақты ақпарат расталмаған эвакуация туралы мәліметпен толықтырылған. Өрттің болғаны туралы расталған ақпарат пен оған байланысты қабылданған шаралар жөніндегі жалған мәліметтердің араластырылуы хабарламаның шынайылығына деген сенімді арттырып, тұрғындар арасындағы алаңдаушылықты күшейтуі мүмкін. Мұндай жағдайларда оқиғаның өзін ғана емес, оның ауқымы мен салдарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдер туралы ақпаратты да жеке-жеке тексеру маңызды.

ТақырыпТЖ