← Барлық теріске шығарулар
Фейк11.09.2026

Астана қаласында мектеп оқушысының қара түсті шалбар кигені үшін ата-анасына айыппұл салынады

Ата-аналарға шалбардың қара түсі үшін айыппұл салынуы мүмкін деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Не таратылды

Астана қаласында мектеп оқушысының қара түсті шалбар кигені үшін ата-анасына айыппұл салынады .

Не анықталды

Ата-аналарға шалбардың қара түсі үшін айыппұл салынуы мүмкін деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Елордадағы жалпы білім беретін мектептерде қара және қою көк түсті мектеп формасын киюге рұқсат етіледі.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Жекелеген жанжалды жағдай мен нақты бір мектептің талаптарды дұрыс түсіндірмеуі барлық білім беру ұйымдарына ортақ ереже ретінде көрсетілуі мүмкін. Нәтижесінде ата-аналарда қара түсті мектеп формасына тыйым салынғаны және бұл талапты бұзғаны үшін автоматты түрде айыппұл салынатыны туралы қате түсінік қалыптасады. Алайда елорда мектептеріне ортақ мұндай талап жоқ.

ТақырыпБілім