← Барлық теріске шығарулар
Фейк11.09.2026

Қазақстандықтар неке тіркеу мерзімін міндетті түрде ұзартуы тиіс

Неке-отбасы заңнамасына сәйкес неке бір рет тіркеледі және оның белгіленген қолданылу мерзімі жоқ.

Не таратылды

Қазақстандықтар неке тіркеу мерзімін міндетті түрде ұзартуы тиіс .

Не анықталды

Неке-отбасы заңнамасына сәйкес неке бір рет тіркеледі және оның белгіленген қолданылу мерзімі жоқ. Некені ұзарту талап етілмейді.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Алаяқтық схема міндетті мемлекеттік рәсім туралы ресми хабарламаға ұқсатып жасалған хабарламаны таратуға негізделген. «Некені ұзарту» туралы ақпарат азаматтар арасында алаңдаушылық туғызып, оларды хабарламаның мазмұнын тексерместен сілтемеге өтуге немесе дербес деректерін беруге итермелеуі мүмкін. Сенімді арттыру мақсатында алаяқтар азаматтарға таныс цифрлық сервистерді және ресми хабарламаларға ұқсас тұжырымдарды пайдаланады.