← Барлық теріске шығарулар
Түсіндірме11.09.2026 · JAQ.OrtCom №279

Кезекті типтік ақпараттық араңдату. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жүйелі түрде қайталанатын…

Қазақстан азаматтарына миллион пәтер тегін беріледі-мыс деген бейнеролик.

Не анықталды

Қазақстан азаматтарына миллион пәтер тегін беріледі-мыс деген бейнеролик.

Мұндай ақпараттық араңдатулар маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың қарсаңында және оларды өткізу кезеңінде тұрақты түрде таратылады.

Қазақстан азаматтарына миллион пәтер тегін беріледі-мыс деген бейнеролик.

ℹ️ Кезекті типтік ақпараттық араңдату. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жүйелі түрде қайталанатын ақпараттық бұрмалау тәсілін тіркеді. Атап айтқанда, жоғары лауазымды тұлғалардың сөйлеген сөздерінен алынған шынайы бейнекадрлары ойдан шығарылған мәлімдемелер жасау және оларға ресми ақпарат сипат беру үшін қолданылуда. Мұндай ақпараттық араңдатулар маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың қарсаңында және оларды өткізу кезеңінде тұрақты түрде таратылады. Олардың қатарында референдумдар мен сайлау, Үкімет құрамының қалыптасуы, мемлекеттік және атаулы күндер, сондай-ақ аудиторияның жоғары қызығушылығын тудыратын басқа да маңызды шаралар кезінде жүйелі түрде таратылады. Соңғы мысалдардың бірі - әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарына миллион пәтерді тегін беру жоспарланып отырғаны туралы тараған видеоролик. Бұл ретте бұған дейін де бірнеше рет қолданылған тәсіл пайдаланылған: шынайы бейнекадрлар мен көпшілікке таныс дауыстар іс жүзінде болмаған хабарламаның негізіне айналған. Нәтижесінде аудиторияда ақпарат тікелей мемлекеттік органдардан немесе елдің жоғары лауазымды тұлғалары айтқандай теріс түсінік қалыптастастыруға бағытталған. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мұндай әрекеттерді бұған дейін де - референдум өткізу кезеңінде, сайлау науқандары мен басқа да маңызды оқиғалар барысында тіркеген. Ақпараттың мазмұны мен ақпараттық себебі өзгергенімен, оның таралу тетігі іс жүзінде өзгеріссіз қалып отыр. ❗️ Осындай хабарламалар пайда болған кезде, ең алдымен, аталған мәлімдеменің шын мәнінде жасалған-жасалмағанын тексеріп, монтаждалған бөлек үзінділерге емес, сөйлеген сөздің толық бейнежазбасы орналасқан бастапқы дереккөзіне жүгіну маңызды.

Жоғары лауазымды тұлғалардың шынайы сөйлеген кадрлары мен танымал дауыстар шын мәнінде болмаған хабарлама үшін пайдаланылған.

ТақырыпТҮКШ, Әлеуметтік қамсыздандыру