← Барлық теріске шығарулар
Жалған26.09.2025 · JAQ.OrtCom №45/46

25 қыркүйекте әлеуметтік желілердегі анонимді пайдаланушылардың аккаунттарында әскери қызметшілер арасындағы…

Әскери қызметшілер арасындағы жарғыдан тыс қарым-қатынас көрсетілген бейне қазақстандық ретінде ұсынылды.

Қысқаша қорытынды

Дереккөздерді зерделеу барысында бейнежазбаның Қазақстанға қатысы жоқ екендігі анықталды.

Не таратылды

Әскери қызметшілер арасындағы жарғыдан тыс қарым-қатынас көрсетілген бейне қазақстандық ретінде ұсынылды.

Не анықталды

📌 25 қыркүйекте әлеуметтік желілердегі анонимді пайдаланушылардың аккаунттарында әскери қызметшілер арасындағы дөрекі қатынастарды бейнелейтін бейнероликтің таралуы тіркелді.

Дереккөздерді зерделеу барысында бейнежазбаның Қазақстанға қатысы жоқ екендігі анықталды. Ол – «Қырғызфильм» киностудиясының «Баткен» көркем фильмінен алынған үзінді. Қолданушыларды шатастыру мақсатында материал авторлары бейнежазбаға қазақ тілінде дыбысты қоса салған. Бұл аудиторияны шатастырып, жалған ассоциациялар туғызуы мүмкін.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарлайды: материалдарды қасақана бұрмалау және жариялау құқықтық жауапкершілікке әкеп соқтыруы мүмкін. Жекелеген жағдайларда заңнамаға қайшы мазмұнды әдейі тарату (қайта жариялау) да құқық бұзушылық болып саналуы ықтимал.

‼️ Азаматтарды интернет желісінен алынған контентке мұқият қарауға, әрдайым ақпараттың дереккөзін тексеруге шақырамыз.

ТақырыпӘскер

Неліктен бұл жалған ақпарат

Бейненің Қазақстанға қатысы жоқ: бұл «Қырғызфильм» киностудиясының «Баткен» фильмінен үзінді, оған қазақ тіліндегі аудиожол салынған.