Қысқаша қорытынды
Instagram-да бірқатар пабликтер «Балалардың жылауы, айқайы және түнгі уақытта жүгіруі – заң бұзушылық болып саналады және ол үшін айыппұл салынады!»
Түнде балалардың жылауы, айқайлауы мен жүгіруі — тыныштық туралы заңды бұзу, бұл үшін айыппұл салынады.
Instagram-да бірқатар пабликтер «Балалардың жылауы, айқайы және түнгі уақытта жүгіруі – заң бұзушылық болып саналады және ол үшін айыппұл салынады!»
Түнде балалардың жылауы, айқайлауы мен жүгіруі — тыныштық туралы заңды бұзу, бұл үшін айыппұл салынады.
Орталық Абай облысы Полиция департаментінің тыныштық режиміне қатысты хабарламасының бұрмаланғанын анықтады.
Instagram-да бірқатар пабликтер «Балалардың жылауы, айқайы және түнгі уақытта жүгіруі – заң бұзушылық болып саналады және ол үшін айыппұл салынады!» деген сарындағы жалған ақпарат таратуда.
Тыныштықты бұзу туралы заң азаматтардың қалыпты тынығуына кедергі келтіретін шулы әрекеттерге қатысты. Бұған сағат 22:00-ден 09:00-ге дейінгі уақытта жасалатын жөндеу және өзге де шулы жұмыстар жатады.
Полиция тексеру жүргізу үшін әрқашан басқа жеке немесе заңды тұлғаның өтініші негіз болып табылады. Әрбір жағдай жеке қаралады және құқықбұзушылықтың объективті және субъективті жағын анықтауды талап етеді.
Ресми түсініктеме: сәбидің жылауы әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болып табылмайды
«Түнгі шудың бір ғана жағдайы ата-аналарға материалдық салдарға әкелуі мүмкін» деген тұжырымдар жалған ақпартқа тарату белгілерін қамтиды. Мұндай жалған ақпаратты таратушылар Заң аясында жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Полиция хабарламасы бұрмаланған: заң 22:00-ден 09:00-ге дейін демалысқа кедергі келтіретін шулы жұмыстарға қатысты, тексеру өтініш бойынша жүргізіледі және әр жағдай жеке қаралады.
Күмән тудыратын материалға тап болдыңыз ба? Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына хабарлаңыз.
Форманы толтыру Telegram-ға жазу ↗