Қысқаша қорытынды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі түсіндіреді: «Аталған тәртіп тек сыртқы экономикалық міндеттемелер шеңберінде валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент-заңды тұлғаларға ғана қатысты.
Жеке тұлғалар шетел валютасын сатып алу мақсатын растауға міндетті болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі түсіндіреді: «Аталған тәртіп тек сыртқы экономикалық міндеттемелер шеңберінде валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент-заңды тұлғаларға ғана қатысты.
Жеке тұлғалар шетел валютасын сатып алу мақсатын растауға міндетті болады.
📌 Соңғы апталарда әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде «жеке тұлғалар шетел валютасын сатып алу кезінде оның мақсатын міндетті түрде көрсетуге тиіс» болады деген мазмұндағы мәлімдемелер белсенді түрде таралып жатқандығын Жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы тіркеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі түсіндіреді:
«Аталған тәртіп тек сыртқы экономикалық міндеттемелер шеңберінде валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент-заңды тұлғаларға ғана қатысты. Жеке тұлғалар шетел валютасын сатып алу кезінде оның мақсатын растаусыз және кері сату міндеттемесінсіз еркін айырбастай алады.
Жаңа заңмен көзделген өзгерістер валюталық нарықтың ашықтығын арттыруға, оның қатысушыларын қорғауға бағытталған және қаржы секторының қазіргі жағдайын ескереді. Бұл өзгерістер азаматтардың құқықтарын шектемейді».
Аталған тәртіп Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды жүргізу қағидаларымен белгіленген.
Бұл қағидалар валюталық нарықтың тұрақтылығына теріс әсер ететін және экономиканың долларлануына ықпал ететін алыпсатарлық операциялардың алдын алуға бағытталған.
⚠️ Блогерлер мен инфлюенсерлерге, қандай ма ақпаратты жариялар алдында ақпараттың шынайылығын көз жеткізіп, тексеру ұсынылады. Жалған ақпаратты таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
Ұлттық банк: тәртіп тек сыртқы экономикалық операциялар бойынша резидент заңды тұлғаларға қатысты; жеке тұлғалар валютаны мақсатын растамай әрі кері сату міндетінсіз еркін сатып алады.
Күмән тудыратын материалға тап болдыңыз ба? Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына хабарлаңыз.
Форманы толтыру Telegram-ға жазу ↗