← Барлық теріске шығарулар
Түсіндірме20.10.2025 · JAQ.OrtCom №62

Әлеуметтік желілердегі пікірлерге кім және қандай мақсатпен ықпал етеді

Қарапайым қолданушы болып көрінетін тролльдер желісі пікірлер арқылы қоғамдық көңіл-күйге қалай ықпал етіп, жанжал тудырып, сенімді бұзатыны туралы шығарылым.

Не анықталды

Әлеуметтік желілердегі пікірлерге кім және қандай мақсатпен ықпал етеді? Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының сарапшылары жүздеген жарияланым астындағы белсенділікті талдай келе, өздерін «қарапайым қолданушы» ретінде көрсететін тролльдердің тұтас желісін анықтады. Олардың мақсаты - қоғамдық пікірге ықпал ету, жанжал туғызу және сенімді бұзу. Бұл тетіктер қалай жұмыс істейді және не себепті бір ғана пікір мыңдаған адамның көзқарасына әсер етуі мүмкін? Тролльдер туралы толығырақ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында айтамыз.