Қысқаша қорытынды
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы аталған ақпаратты жоққа шығарып, ел азаматтарын тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.
Астана мен Солтүстік Қазақстан облысы газсыз қалуы мүмкін.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы аталған ақпаратты жоққа шығарып, ел азаматтарын тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.
Астана мен Солтүстік Қазақстан облысы газсыз қалуы мүмкін.
⚡️ 2025 жылғы 20 қазанда Қазақстанның кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы газсыз қалуы мүмкін деген ақпарат жарияланды.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы аталған ақпаратты жоққа шығарып, ел азаматтарын тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жағдайға байланысты ресми түсініктеме берді: Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта еліміздің барлық газдандырылған өңірлерінде, соның ішінде елорда мен Солтүстік Қазақстан облысында газбен қамту толық көлемде және ешбір шектеусіз жүзеге асырылып жатыр.
Министрліктің хабарлауынша, газ жеткізудің тұрақтылығы алдын ала қарастырылған резервтік тетіктер арқылы қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, импорттық келісімшарттар аясында газдың жетіспейтін көлемдері жедел түрде толықтырылып отырады. Сондықтан ішкі нарықта, соның ішінде елордалық жылу электр орталықтарында газ тапшылығы тіркелмеген және болашақта да күтілмейді.
‼️ Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз.
Энергетика министрлігі: газбен жабдықтау барлық газдандырылған өңірлерде, оның ішінде елорда мен СҚО-да шектеусіз толық көлемде жүргізілуде, жетпеген көлем газ импорты келісімшарты бойынша толықтырылады.
Күмән тудыратын материалға тап болдыңыз ба? Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына хабарлаңыз.
Форманы толтыру Telegram-ға жазу ↗