Қысқаша қорытынды
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, салықтар – бұл «мемлекет белгілеген және Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, біржақты тәртіппен белгіленетін, бюджетке төленуге міндетті, белгіленген мөлшерде жүзеге асырылатын, қайтарымсыз және өтеусіз сипаттағы ақшалай төлемдер».
Не таратылды
Қазақстанда «жаңбыр салығы» енгізіледі.
Не анықталды
‼️ Жаңалықтар агрегаторларында Қазақстанда енгізіледі деген «жауын-шашын салығы» туралы манипуляциялық сипаттағы ақпарат таралуда. Жүргізілген тексеру нәтижесінде мұндай хабарламаларда ұғымдарды бұрмалау фактісі анықталды.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, салықтар – бұл «мемлекет белгілеген және Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, біржақты тәртіппен белгіленетін, бюджетке төленуге міндетті, белгіленген мөлшерде жүзеге асырылатын, қайтарымсыз және өтеусіз сипаттағы ақшалай төлемдер». Материалдарда «Нөсер кәрізі жүйелерін пайдалану қағидалары» шеңберінде заңды тұлғаларға көрсетілген қызметтер үшін төлемақылар туралы айтылған. Көрсетілетін қызметтердің құнын және көлемін есептеу әдістемесі ел азаматтары үшін ешқандай салық түрін енгізуді көздемейді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі түсіндіргендей, «жауын-шашын және еріген суларды бұруға арналған төлем» тек келесі санаттағы заңды тұлғаларға ғана қолданылады:
• меншігінде нөсер кәрізі жүйесі бар;
• елді мекеннің орталықтандырылған нөсер кәрізі жүйесіне қосылған заңды тұлғалар.
Азаматтар, жеке тұрғын үйлер мен пәтерлердің иелері, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін ешқандай қосымша алымдар немесе салықтар көзделмейді.
Аталған жағдайлар БАҚ, блогерлер және контент-мейкерлер үшін жариялау алдында ақпарат көздері мен тұжырымдарды мұқият тексерудің маңыздылығын айқын көрсетеді. Фактілерді бұрмалау, ұғымдарды қасақана алмастыру және қамтуды арттыру мақсатында айқайлы тақырыптарды пайдалану – ақпараттық кеңістікке деген сенімді төмендетіп, қоғамда жаңсақ пікір қалыптастырады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кәсіби жауапкершілік танытып, манипуляциялық тәсілдерді қолданудан және ресми ақпаратты бұрмалаудан бас тартуы қажет. Бұл – аудиторияны жаңылыстыруға жол бермеудің және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарты.
ТақырыпАқша
Неліктен бұл манипуляция
Ұғымдар алмастырылған: сөз Салық кодексі мағынасындағы салық туралы емес, заңды тұлғалардың нөсерлік кәріз жүйелерін пайдалану қағидалары бойынша қызметтер үшін төлемі туралы.
Дереккөздер