← Барлық теріске шығарулар
Манипуляция18.11.2025 · JAQ.OrtCom №78

Қазақстандағы тұмаудың «жаңа штамы» туралы қауесет

Тұмаудың жаңа штамы туралы ақпарат бұрмаланған: елде 1968 жылдан белгілі маусымдық А (H3N2) тұмауы айналымда. Қоймаларда вирусқа қарсы дәрі-дәрмек жеткілікті.

Не анықталды

‼️ Желіде Қазақстанда тұмаудың жаңа штамы туралы ақпарат таралуда. Бұл мәлімет бұрмаланған және дүрбелең тудыруға бағытталған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, елімізде маусымдық А (H3N2) тұмауының (сондай-ақ, «гонконгтық» штамм ретінде белгілі) зертханалық расталған жағдайлары тіркелген. Аталған вирус жыл сайынғы күз-қыс маусымында айналымда болатын штаммдар қатарына жатады. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова бұл вирустың жаңа емес екенін (алғаш рет 1968 жылы анықталған – Орталық ескерт.) атап өтті. Сонымен бірге, ауру белгілері тұмауға тән клиникалық көрініске сәйкес келеді: дене температурасының күрт жоғарылауы, бас және бұлшықет ауруы, қалтырау мен денедегі сырқырау. Тұмаудан өзге, елімізде риновирус, парагрипп, аденовирус және бокавирус секілді басқа да вирустар айналымда жүр. Коронавирустық инфекция сирек тіркелуде: эпидемиологиялық маусым басталғалы бері небәрі 84 жағдай расталды (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,3 есе аз). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, ағымдағы эпидемиологиялық маусымда А (H1N1), А (H3N2) және В тұмауының үш штаммы өзекті болып есептеледі. Аталған штаммдардың барлығы аурудың ауыр ағымынан қорғайтын тұмауға қарсы вакцинаның құрамына кіреді. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті елімізде вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің ассортименті мен мөлшерінің жеткілікті екенін хабарлайды : Фармацевтикалық субъектілердің, Қазақстан Республикасы Дистрибьюторлар қауымдастығының және Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының мәліметтері бойынша, республика аумағындағы қоймаларда дәрілік препараттардың қоры жеткілікті деңгейде.

ТақырыпДенсаулық сақтау