← Барлық теріске шығарулар
Теріске шығару04.01.2026 · JAQ.OrtCom №96

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған, «зиянды және сапасыз…

Мемлекет балаларда ауру тудыратын «зиянды және сапасыз вакциналар» сатып алуда.

Қысқаша қорытынды

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы медицина, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты тақырыптар әлеуметтік тұрғыдан сезімтал тақырыптардың қатарына жататынына назар аударады және журналистерден, блогерлерден, сондай-ақ салалық спикерлерден кәсіби әрі этикалық стандарттарды қатаң сақтауды талап етеді.

Не таратылды

Мемлекет балаларда ауру тудыратын «зиянды және сапасыз вакциналар» сатып алуда.

Не анықталды

⚡️ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған, «зиянды және сапасыз вакциналарды сатып алу» туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Жекелеген жария мәлімдемелерде айтылғандай, вакциналар балалардың түрлі ауруларға шалдығуына себеп болуы мүмкін деген тұжырымдар айтылған. Түсініктемеде вакциналарды іріктеуге, тіркеуге және қолдануға қойылатын қолданыстағы талаптар егжей-тегжейлі баяндалған, сондай-ақ ұлттық иммундау жүйесінің тиімділігін растайтын деректер келтірілген.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы медицина, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты тақырыптар әлеуметтік тұрғыдан сезімтал тақырыптардың қатарына жататынына назар аударады және журналистерден, блогерлерден, сондай-ақ салалық спикерлерден кәсіби әрі этикалық стандарттарды қатаң сақтауды талап етеді. Бұл салада дәлелді негізі жоқ бекітілмеген субъективті пайымдауларға, эмоционалды жалпылауға және тұжырымдарға жол берілмейді. Қазақстан Республикасында вакцинация және денсаулық сақтау саласындағы барлық процестер ұлттық заңнамаға, сондай-ақ тиісті халықаралық талаптар мен салалық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес реттеледі.

‼️ Орталық азаматтарды денсаулыққа қатысты кез келген ақпаратқа сыни тұрғыдан қарауға, дереккөздерді тексеруге және мәліметтерді құзырлы органдардың ресми түсіндірмелерімен салыстыруға шақырады. Журналистерге фактілерді жан-жақты мұқият тексеріп, расталмаған немесе даулы мәлімдемелер төңірегінде эмоциялық фонды күшейтуден бас тарту ұсынылады. Мамандар мен сарапшыларға кәсіби жауапкершілікті сақтап, заңнама нормаларына, нұсқаулықтар мен ғылыми деректерге сүйене отырып, ақпаратты міндетті түрде тексерілген және ресми дереккөздерге сілтеме жасай отырып, тарату қажеттілігі ескертіледі.

ТақырыпДенсаулық сақтау

Неліктен бұл теріске шығарылды

Денсаулық сақтау министрлігі вакциналарды іріктеу, тіркеу және қолдану талаптары мен иммундау жүйесінің тиімділігі туралы деректер келтірілген ресми теріске шығару жариялады.