Қысқаша қорытынды
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желіде банктік несие беру мәселелеріне қатысты манипуляциялық ақпараттың таралуы туралы ескертеді: несие беру туралы шешімді банктер әрқашан қарыз алушының төлем қабілеттілігін кешенді бағалау негізінде қабылдаған және қабылданады.
Не таратылды
Азаматтардың белгілі бір санаттары үшін несие алу мүмкіндігі шектеледі.
Не анықталды
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желіде банктік несие беру мәселелеріне қатысты манипуляциялық ақпараттың таралуы туралы ескертеді: несие беру туралы шешімді банктер әрқашан қарыз алушының төлем қабілеттілігін кешенді бағалау негізінде қабылдаған және қабылданады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметінше, қазіргі уақытта белгіленген нормативтер, соның ішінде шекті мәні 0,5-ті құрайтын борыштық жүктеме коэффициенті (БЖК) қолданыста (Басқарманың 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 қаулысы). Ал борыштың табысқа қатынасы (БТҚ) көрсеткіші қазіргі уақытта талдау сатысында және оның бекітілген мәні жоқ. Реттеудегі өзгерістер кезең-кезеңімен енгізіледі және олар бойынша ресми түсіндірмелер беріледі. Әлеуметтік желілердегі үзілді-кесілді және үрей туғызатын сипаттағы жарияланымдар манипуляциялық мазмұнның айқын белгісі болып табылады. Олар көбінесе жасанды дүрбелең тудыруға және күмәнді ақылы қызметтерді ұсынуға бағытталған. Орталық азаматтарды мұндай ақпаратқа сын көзбен қарауға, деректерді тек ресми ақпарат көздерінен тексеруге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.
ТақырыпАқша
Неліктен бұл манипуляция
Жарияланым жалған немесе дәйексіз ақпарат ретінде белгіленген: ресми түсіндірме бұл мәлімдеменің расталмайтынын, контекстті бұрмалайтынын немесе шындыққа сәйкес келмейтінін көрсетеді.
Дереккөздер