Не таратылды
TikTok әлеуметтік желісінде Жаңаөзен қаласында краннан денсаулыққа қауіпті су беріліп жатыр деген мазмұндағы бейнероликтер таралуда.
Бейнематериал авторларының су сапасына қатысты қандай да бір сертификаттары немесе зертханалық зерттеу қорытындылары жоқ.
TikTok әлеуметтік желісінде Жаңаөзен қаласында краннан денсаулыққа қауіпті су беріліп жатыр деген мазмұндағы бейнероликтер таралуда.
Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бейнематериал авторларының су сапасына қатысты қандай да бір сертификаттары немесе зертханалық зерттеу қорытындылары жоқ. Бұл бейнероликтер су тазарту жүйелерін жарнамалау мақсатында коммерциялық негізде жасалған. Коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше, Жаңаөзен қаласына берілетін ауыз су күн сайын өндірістік бақылаудан өтеді және белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға толық сәйкес келеді. Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқан тұлғаларға қатысты сотқа жүгіну мәселесі қарастырылуда.
Күмән тудыратын материалға тап болдыңыз ба? Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына хабарлаңыз.
Форманы толтыру Telegram-ға жазу ↗