Не анықталды
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мемлекет тарапынан банк терминалдары (банкоматтар) арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтардың деректер базасы құрылды деген ақпараттың таралу фактілерін анықтады; қолма-қол ақша…
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мемлекет тарапынан банк терминалдары (банкоматтар) арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтардың деректер базасы құрылды деген ақпараттың таралу фактілерін анықтады; қолма-қол ақша алу фактісі бойынша тізілімдер қалыптастырылмайды.
Мемлекет банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтардың деректер базасын құрды.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мемлекет тарапынан банк терминалдары (банкоматтар) арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтардың деректер базасы құрылды деген ақпараттың таралу фактілерін анықтады; қолма-қол ақша алу фактісі бойынша тізілімдер қалыптастырылмайды. Сонымен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында банкоматтарда бейнебақылау камералары орнатылған. Аталған камералар қылмыстардың (алаяқтық немесе ұрлық) алдын алуға, сондай-ақ клиенттердің және ықтимал құқық бұзушылардың әрекеттерін тіркеу арқылы оқиғаларды тергеп-тексеру барысында пайдалануға мүмкіндік береді. Бейнежазбаларды сақтау даулы жағдайлар мен құқық бұзушылықтар кезінде дәлелдеме ретінде қызмет етеді және банк клиенттері мен қаржы ұйымдарының мүдделерін қорғауға бағытталған. Бұл талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы №205 Қаулысымен бекітілген. Аталған қаулыға сәйкес, банктер банкоматтарда төлем карточкасын ұстаушының бет-жүзін тіркеуге мүмкіндік беретін кемінде бір бейнекамера орнатуға міндетті.
Жарияланым жалған немесе дәйексіз ақпарат ретінде белгіленген: ресми түсіндірме бұл мәлімдеменің расталмайтынын, контекстті бұрмалайтынын немесе шындыққа сәйкес келмейтінін көрсетеді.