← Барлық теріске шығарулар
Фейк26.01.2026

Атырау және Маңғыстау облыстарында халық пен өнеркәсіп кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасыз етуге шектеулер енгізілді деген ақпарат таралуда

Жүйелік оператордың ресми деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 23–24 қаңтар күндері көрсетілген өңірлерде халық пен өнеркәсіптік тұтынушылар үшін электрмен жабдықтауға ешқандай шектеу енгізілген жоқ.

Не таратылды

Атырау және Маңғыстау облыстарында халық пен өнеркәсіп кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасыз етуге шектеулер енгізілді деген ақпарат таралуда.

Не анықталды

Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жүйелік оператордың ресми деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 23–24 қаңтар күндері көрсетілген өңірлерде халық пен өнеркәсіптік тұтынушылар үшін электрмен жабдықтауға ешқандай шектеу енгізілген жоқ. Электр энергиясы штаттық режимде, үзіліссіз, ажыратусыз және жеткізу көлемі төмендетілмей берілді. Аталған кезеңде уақытша, нүктелік шектеулер тек Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында цифрлық майнинг саласында қызмет көрсететін жекелеген компанияларға қатысты қолданылды. Бұл шаралар қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес жүзеге асырылып, Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

ТақырыпЭнергетика