← Барлық теріске шығарулар
Түсіндірме10.07.2026

Ресей Федерациясындағы нысандарға шабуыл жасау үшін Қазақстан аумағынан ұшқышсыз ұшу аппараттары ұшырылды

Мұндай мәлімдемелер арандатушылық сипатқа ие.

Не таратылды

Ресей Федерациясындағы нысандарға шабуыл жасау үшін Қазақстан аумағынан ұшқышсыз ұшу аппараттары ұшырылды.

Не анықталды

Мұндай мәлімдемелер арандатушылық сипатқа ие. Қазақстан өз аумағын, әуе кеңістігін және инфрақұрылымын басқа мемлекеттерге қарсы іс-қимылдар үшін пайдалануға жол бермейді.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл сияқты хабарламалар ең алдымен сыртқы саяси резонанс тудыруға бағытталған. Олардың мақсаты - Қазақстанды халықаралық жанжалға тартылған ел ретінде көрсету және ел ішінде, одан тыс жерлерде де сенімсіздік тудыру. Мұндай ақпараттық операцияларға эмоциялық реңктің жоғары болуы және тексеруге келетін нақты айғақтардың болмауы тән.

ТақырыпСІМ, Әскер